432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отандық туризм коронавирус кесірінен кірістің 80 процентінен айырылады

  • 293
  • UPD: 17:12, 28.05.2020
Отандық туризм коронавирус кесірінен кірістің 80 процентінен айырылады

Биыл Қазақстанның туризм саласы коронавирус салдарынан кірісінің 80 процентінен айырылады.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков «Хабар 24» арнасындағы брифингте осылай деді.

«Коронавирус індетінің отандық туризмге кері әсері өте зор болатындығын атап өту керек. Біздің есебімізше, шектеу шараларының енгізілуіне байланысты биыл көшпелі туризм саласындағы шығын 70-80 пайызға жуықтайды», - деді Дастан Рыспеков Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында.

Айтуынша, Ұлттық банк мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылғы туризм саласы қызметтерінің экспорт көлемі 2,5 млрд АҚШ долларын құраған. Осыған байланысты төтенше жағдайға байланысты ел Үкіметі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және туристік қоғамдастықтың ұсынысы негізінде туризм саласындағы субъектілерді мемлекеттік қолдау бойынша бірқатар жедел шара әзірлеген.

Хабар 24 телеарнасы