429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтар 9 айда 13,2 мың өлшеуіш құйманы сатып алды

  • 102
  • UPD: 12:59, 12.10.2020
Қазақстандықтар 9 айда 13,2 мың өлшеуіш құйманы сатып алды The Qazaq Times

2020 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейінгі кезеңде жалпы ел тұрғындары екінші деңгейлі банктерден және банктік емес айырбастау пункттерінен жалпы салмағы 566,3 кг болатын 13 208 өлшеуіш құйманы сатып алды.

Қыркүйек айында жалпы салмағы 65,2 кг болатын 1 480 өлшеуіш құйма сатылды.

Алтын құймалары бес түрде ұсынылған: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында салмағы 10 г құйма ең көп сатып алынады. Сатудың жалпы көлемінен оның үлесі 25% – 8 701 дананы құрайды. Одан кейін 100 грамдық – 7 648 дана (22%), 5 грамдық – 6 414 дана (19%), 20 грамдық – 7 649  дана (22%), 50 грамдық – 4 276 дана (12%) тұр, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.

Құймаларды сатып алу бойынша өңірлер арасында көшбасшы – Алматы қаласы (сатылған құймалардың жалпы санынан 55%), одан кейін Атырау (14%), Нұр-Сұлтан (10%) және басқа өңірлер (21%) болды.

Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап жалпы салмағы 3,2 кг 119 өлшеуіш құйма кері сатып алуға қабылданды. Бұл алтын құймалардың инвестициялаудың және жинақты жинақтаудың ұзақ мерзімді құралы болып табылатындығына байланысты.

Алтын құймалары – инвестициялаудың сенімді құралы. Банктердің және банктік емес айырбастау пунктерінің клиентке «сол күні» ақша төлей отырып, құймаларды кері сатып алу мүмкіндігі – алтын құймалары нарығының өтімділігін қамтамасыз етудің негізгі факторы.

Әрбір құйма қорғаныш элементтерімен (құймалардың бет жағы айнадай, микромәтін және бедерлі гурт) және құймаларды механикалық зақымданудан қорғайтын және орауы ашылғанын немесе ашылмағанын тез анықтауға мүмкіндік беретін арнайы орауда шығарылатынын ескертеміз. Қорғаныш орауы да құйма сапасының сертификаты болып табылады. Сондықтан құйманы ұқыпты сақтау және орауды ашпау ұсынылады.

Хабар 24 телеарнасы