387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливия халқы үкіметтің жаңа салық енгізуіне қарсы

  • 716
  • UPD: 15:48, 20.03.2017

Ливан астанасы Бейрутте жаппай ереуілдер белең алды.

Жұрт үкіметтің жаңа салық енгізу туралы жоспарына қарсы. Билік бұл қадам арқылы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеруді көздеп отыр. Алайда шерушілер ол тұрмысы нашар халықтың қалтасын қағады дейді. Наразылық шарасының қатысушылары полицейлерге бөтелке мен петардалар лақтырған. Тәртіпсіздіктер кезінде жапа шеккендер жайлы ақпарат жоқ.

Негізі Ливан премьер-министрі ашынған жұртты сабырға шақырмақ болған. Алайда бұл әрекетінен түк шықпады. Кейіннен ол әлеуметтік желі арқылы шеру ұйымдастырушыларын мәселені талықалау үшін комитет құруға шақырды.

Таниа эль-Хури, суретші:

- Жаңа салықтың не керегі бар? Осыған дейін төленген салық қайда кетіп жатыр? Жолдың сапасы сын көтермейді. Қоғамдық көліктің жағдайы нашар. Медициналық қызметке де көңіліміз толмайды.

Хабар 24 телеарнасы