387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сербия үкіметін алғаш рет әйел адам басқармақ

  • 492
  • UPD: 18:56, 16.06.2017

Сербия үкіметін ел тарихында алғаш рет әйел басқаратын болды.

Жуырда ел президенті Александр Вучич осы қызметке мемлекеттік басқару және жергілікті билік істері бойынша министрі 41 жастағы Ана Брнабичті ұсынды. Президент мәлімдемесінде болашақ премьер Еуроодақ елдерімен интеграция үрдісі және құрылымдық реформаларды жалғастыру керектігін атаған. Сондай-ақ ол Ресей, Қытай, АҚШ және араб елдерімен қатынастарды нығайтудың маңыздылығына ерекше көңіл бөлген. Енді премьер-министр кандидатурасын парламент бекітуі тиіс. 

Хабар 24 телеарнасы