388,70 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Франция сән үйлері өте арық сәнқойлармен жұмыс істемейтін болды

  • 723
  • UPD: 16:34, 08.09.2017

Сән қуалаймын деп салмақ тастау енді өткен күннің еншісінде.

Өйткені Францияның сән үйлері өте арық модельдерді жалдамауға бір ауыздан келісті. Олар халықаралық өлшем бойынша XS-тен төмен модельдермен жұмыс істемейді. Яғни аса арықтар түрлі жарнамалық фотоларға түсіп, журналдардың бетіне басыла алмайды. Сондай-ақ модельдер көрсетілімге келерден бұрын өзінің денсаулығы жайлы медициналық анықтама әкелуі тиіс. Сән саласының мамандары мұндай қадамға жұртшылықтан түскен сынның көп болуына байланысты барған. Өйткені азамын деп ас ішпеу, адамның ішкі құрылысындағы тепе-теңдікті бұзып, оның қайта салмақ қоспай қалуына әкеліп соғады. Енді жаңа ереже жақын күндері қолданысқа енеді. Сондықтан қыркүйектің соңғы күндері Парижде шығатын сән апталығында өзгеріс көп болады.

Хабар 24 телеарнасы