386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иран-Ирак шекарасындағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты

  • 515
  • UPD: 11:37, 13.11.2017

Жексенбі күні Иран Ислам Республикасы мен Ирак шекарасында болған 7,3 магнитудалық жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты.

Зілзаладан қаза тапқандар саны 141-ге жетті, ал зардап шеккендер саны 1000 адамнан асқан. Бұл туралы елдің Азаматтық қорғаныс қызметіне сілтеме жасап, Farsnews хабарлады.

Осы оқиғаға байланысты құрылған дағдарыс орталығының мәліметтерінше, табиғат апатының зардабын Иранның батысындағы Керманшах және Илам провинциялары тартқан. Қираған ғимараттардың көпшілігі Каср-э-Ширин, Илам, Керманшах сияқты тап осы өңірдегі қалаларда тіркелген. Иран президенті Хасан Рухани зардап шеккендердің барлығына қажетті көмек көрсетуге тырысып жатыр. Жарты ай қоғамының жергілікті өкілдігі апат болған аймақтарда іздеу және құтқару жұмыстарын қолға алды. Мұнда құтқарушылардың қосымша күштері жіберілді. Табиғат апатынан зардап шеккендерді азық-түлікпен, жылы киімдермен және отынмен қамтамасыз ету үшін арнайы далалық госпитальдер ұйымдастырылды. Мұнай-газ инфрақұрылымын қоса алғанда стратегиялық нысандарға зақым келмеген. Провинциялардағы әуежайлар әдеттегі режимде жұмыс істеп жатыр. Ауыр жарақат алғандарды Тегеранға жөнелту үшін 20 әскери тікұшақ дайындалған. Үйлерін тастап шыққан жергілікті тұрғындар жерасты дүмпулері қайталануы мүмкін деген үреймен көшеде түнеп жүр. Соңғы 3 сағат көлемінде қуаты 3,6-дан 4,7 магнитудаға дейін жететін жерасты дүмпулері 12 рет қайталанған.

Хабар 24 телеарнасы