382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италия Еуроодаққа ірі мөлшерде айыппұл төлейді

  • 387
  • UPD: 13:30, 01.02.2018
Италия Еуроодаққа ірі мөлшерде айыппұл төлейді

Турин, Милан және Неаполь Еуропадағы ең ластанған қалалар.

Еуропалық одақтың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі еврокомиссары осы мәселеге байланысты Италия билігін сотқа беретінін айтып, ескертті. Үкімет ірі мөлшерде айыппұл төлегісі келмесе, 10 күннің ішінде зиянды қалдықтарды азайту бойынша іс-әрекет жоспарын дайындап, көрсетуі тиіс. Себебі қазір Италия қалаларында диоксид азоты мен басқа да зиянды қалдықтар белгілі нормадан 39 есе артық. Елдің солтүстігіндегі Турин мен тағы бірнеше елді мекенді тұмшалаған түтін үш ай бойы сейілмей тұр. Италия билігі зиянды қалдықтарды шығаруды қысқарту жөніндегі міндеттер мен оның көрсеткішін сәйкестендіру туралы талаптарды уақытында орындай алмаған.

Хабар 24 телеарнасы