Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 95
388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Microsoft-тың негізін қалаушы Пол Аллен қайтыс болды

  • 606
  • UPD: 14:02, 16.10.2018
Microsoft-тың негізін қалаушы Пол Аллен қайтыс болды

Microsoft корпорациясының негізін қалаушылардың бірі, америкалық кәсіпкер, қоғам қайраткері, филантроп Пол Аллен 65 жасында дүниеден озды.

Миллиардер қатерлі ісік дертіне шалдыққан. Пол Аллен Уильям Генри Гейтспен бірге 1975 жылы Microsoft компаниясының негізін қалаған. Мектеп кезінен дос болған екеуі Гарвардтағы оқуды тастап, програмист болып жұмыс істегеннен кейін, өздерінің жеке ісін ашқан. Бүгінде Microsoft IT-индустриясында ең алып компаниялардың бірі. 1983 жылы Аллен компаниядан кетсе де, өзінің акцияларын сақтап қалған. Биыл американдық Forbes журналында әлемдегі ең бай адамдар тізімінде Пол Аллен 44 орында. Оның дәулеті 20,5 млрд долларға бағаланады.

Хабар 24 телеарнасы