383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хорватияда жұмыс күші жетіспей жатыр

  • 300
  • UPD: 07:35, 08.12.2018
Хорватияда жұмыс күші жетіспей жатыр Prian.ru

Хорватияның жұмыс берушілер одағы шетелдік жұмысшыларға квотаны ұлғайтуды ұсынады.

Себебі, елде жұмыс күшінің жетіспеушілігі байқалады. Атап айтқанда, 39 мың жұмыс орнын толтыру қиынға соғып тұр. Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін Украина мен Филиппинде екі қолға бір күрек таппай жүргендер Хорватияға шақырылуы мүмкін. Сондай-ақ зейнеткерлерді де жұмысқа тарту көзделген. Әсіресе еңбек күші елдің туристік астанасы саналатын Дубровник қаласында жетіспей жатыр. Ұлттық жалпы ішкі өнім үлесінің 20 проценті туризмге тиесілі болғандықтан, мұндағы жұмыс орнын толтыру аса маңызды. Сондай-ақ Хорватияның астанасы Загребте қазір 300 аспаз бен 800 даяшы тіркелген. Мейрамхана мен асханалар иелері бірлестігінің мәлімдеуінше, 800 аспаз бен бір жарым мың даяшының жұмыс орны бос. 

Давор Мажетич, Хорватияның жұмыс берушілер одағының жеткішісі: 

- Бізге әсіресе білікті мамандар жетпей жатыр. Қайта өңдеу мен тамақ өнеркәсібі саласының мамандары аз. Сондықтан туризм саласы дағдарысқа ұшырауы мүмкін. Оған қоса Австрия мен Словенияның еңбек нарығы отандастарымызға есігін айқара ашса, мамандарымыз елге мүлде қайтпайды. Бұдан бөлек, дипломы бар сала білгірлері шет асып кеткен.

Хабар 24 телеарнасы