421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венгрияда шерушілер еңбек заңнамасының реформасын тоқтатуды талап етті

  • 928
  • UPD: 15:31, 20.01.2019
Венгрияда шерушілер еңбек заңнамасының реформасын тоқтатуды талап етті

Венгрияда тағы да үкіметке қарсы шерулер өтті. Бұл жолы Будапешт көшелеріне бірнеше мың адам шықты. Акцияға қатысушылар премьер-министр Виктор Орбаннан еңбек заңнамасына қатысты реформаны тоқтатуды талап етуде.

Себебі өзгертулер үстеме жұмыс уақытын көбейтіп, ал оның жалақысын 3 жылға дейін кешіктіруге мүмкіндік береді. Алайда Орбан шерушілердің әрекеті «байбалам» және наразылықты Джордж Сорос қаржыландырып отыр деп айыптады. Дегенмен кәсіподақтар елде толқулар күшейіп келе жатқанын айтады. Еске сала кетейік, Венгрияда наразылық шаралары желтоқсанның 12-сі күні үкімет жаңа еңбек заңын қабылдаған соң басталды. Халық бұл құжатты құлдықпен бірдей деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы