Оңтүстік Африка Республикасында шахта жарылды.
Құтқарушылар қаза тапқан 6 адамның денесін тапты. Мамандар үйінділер астында әлі де 20-ға жуық адам жатқанын айтады. Белгілі болғандай, 42 адам шахтадағы мыстан жасалған сымдарды ұрламақ болып ішіне түскенде, метан газы жарылған. Құтқарушылардың айтуынша, 4 ай бұрын жабылған шахтада желдету мен жарық жүйесі жұмыс істемегендіктен, іздестіру жұмыстары қиынға соғып тұр. Оқиғаға қатысты тергеу ісі басталды.