389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мальтада кемені бұрып әкеткен мигранттар соты жүріп жатыр

  • 352
  • UPD: 17:20, 31.03.2019
Мальтада кемені бұрып әкеткен мигранттар соты жүріп жатыр

Мальтада сот бейсенбі күні «Эль Хиблу» кемесінің экипажына күш қолданып, оның бағытын өзгерткен 3 жасөспірім мигранттың ісін қарауға кірісті.

Оларға сауда кемесін басып алды деген айып тағылып отыр. Жергілікті заң бойынша бұл лаңкестік әрекет деп саналады. Сондықтан 15,16 және 19 жастағы Гвинея мен Кот-д'Ивуар азаматтары 30 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бірақ сотталушылар оны мойындаудан бас тартып отыр. Еске сала кетейік, наурыздың 28-і күні Жерорта теңізінде түрік кемесі 100-ден астам мигрантты құтқарып, оларды Ливияға қайта апарып тастамақшы болады. Бірақ кемедегі мигранттар мұны сезіп қойып, оның бағытын күштеп Малтаға қарай өзгерткен еді.

Хабар 24 телеарнасы