378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Газа секторындағы шиеленіс: қаза тапқан палестиналықтар саны 30-дан асты

  • 139
  • UPD: 13:41, 07.05.2019
Газа секторындағы шиеленіс: қаза тапқан палестиналықтар саны 30-дан асты HotGEO

Израильдің Газа секторына жасаған соққыларынан қаза тапқан палестиналықтар саны 31-ге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін 24 адамның көз жұмғаны хабарланған болатын. Қанды қырғыннан мерт болғандар арасында балалар мен әйелдер де бар. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше,160-қа жуық тұрғын түрлі деңгейдегі жарақат алған. Ал соққы салдарынан 130 үй толығымен қирап, 700-і зақымданған. Құтқарушылар әлі де қираған ғимарат үйіндісі астынан қаза тапқандардың денелерін іздестіруде.

Айта кетейік, Газадағы шиеленіске палестиналық радикалдардың шабуылынан израильдік екі сарбаздың жарақат алуы түрткі болған еді.

Хабар 24 телеарнасы