378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ Иранның ядролық келісімді бұзуын қаламайды

  • 86
  • UPD: 08:57, 14.05.2019

Таяу Шығыстағы тұрақтылықты сақтау үшін Еуроодақ Иран келісімін қолдайды.

Бұл туралы еуропалық дипломатияның басшысы Федерика Могерини мәлімдеді. Айтуынша, Вашингтон мен Тегеран арасында келіспеушіліктер бар, дегенмен бұл мәселені диалог арқылы шешуге болады. Айта кетейік, 8 мамыр күні Иран Президенті Хасан Рухани келісімнің кейбір шарттарын орындаудан бас тартқан еді. Сөйтіп, Ұлыбритания, Франция, Германия, Қытай және Ресейге 60 күн уақыт берді. Тегеранның мәліметіне сәйкес, келісімге мүше бұл елдер АҚШ-тың Иранға салған біржақты санкциясына қарсы тұрмаған. 

Федерика Могерини, Еуропалық Дипломатияның Басшысы:

- Біз Иранмен арадағы келісімді қолдаймыз. Және ондағы шарттардың толықтай орындалғанын қалаймыз. Брюссельдегі министрлер келіссөзі аясында ЕуроОдақ пен «еуроүштіктің» кездесуі өтеді. Басқосуда қауіпсіздік үшін Иран келісімін сақтап қалу жолын талқылаймыз.

Хабар 24 телеарнасы