389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та түлектер кешінде оқ атылды

  • 257
АҚШ-та түлектер кешінде оқ атылды

АҚШ-тың Филадельфия қаласындағы мектеп түлектерінің қоштасу кешінде белгісіз біреу оқ атты.

Салдарынан 1 адам қайтыс болып, тағы 8 түлек түрлі дәрежеде жарақат алған. Олардың төртеуі 15 жастағы жасөспірім. Қайғылы оқиға жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат онның кезінде болды. Мерекелік кешке шамамен 60 адам жиналған. Қазір тәртіп сақшылары оқиға орнынан ізін суытып үлгерген қылмыскерді іздестіріп жатыр. Болжам бойынша ол түлектерді әдейі атқан.

Хабар 24 телеарнасы