386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконг тұрғындары күдіктілерді экстрадициялау туралы заң жобасына қарсы

  • 141
Гонконг тұрғындары күдіктілерді экстрадициялау туралы заң жобасына қарсы

Гонконгте наразы халықтың ереуілі ушығып тұр.

Ашуға бой бергендерді тарату үшін тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ бен күш қолданған. Тұрғындар күдіктілерді экстрадициялау туралы заң жобасына қарсылығын білдіріп жатыр. Ереуілден аймақта теміржол мен әуе қатынасы тежелді. Одан бөлек шаһардағы кеңселер де жұмысын тоқтатты. Еске сала кетейік, өңірдегі наразылық шерулер осыдан 2 ай бұрын, жергілікті үкіметтің парламентке қылмыс жасаған күдіктілерді экстрадициялау туралы заң жобасын ұсынған соң басталған болатын. Шерушілердің айтуынша, бұл демократияны шектейді. Сондықтан биліктен заң жобасынан толықтай бас тартуды талап етуде.

Хабар 24 телеарнасы