387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгте шерулер басылар емес

  • 143
  • UPD: 10:12, 13.08.2019
Гонконгте шерулер басылар емес

Гонконг әуежайы барлық рейстерді тоқтатып еді ғой. Енді әуе жолы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұшақтың тоқтауына бас терминалға мыңдаған ереуілшінің жиналуы себеп болды. Белгілі болғандай, қазіргі таңда әуежай әкімшілігі тіркеу уақыты аяқталған рейстерге ғана қызмет көрсетіп жатыр.

Айта кетсек, Гонконгтегі шерулер осымен төртінші күн жалғасып келеді. Дүйсенбіге қараған түні тәртіп сақшылары жиналған жұртқа қарсы көз жасаурататын газ бен су атқыш қолданды. Ал халық теміржол станциялары мен метроларда шеру өткізу арқылы қоғамдық көлік жұмысына кедергі келтіріп жатыр. Жалпы қаладағы ереуілдер маусым айынан бері басылар емес. Оған азаматтарды экстрадициялау туралы заңды қабылдау түрткі болған еді.

Хабар 24 телеарнасы