386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда тайфуннан 1 адам көз жұмды

  • 93
  • UPD: 14:37, 16.08.2019
Жапонияда тайфуннан 1 адам көз жұмды

Жапонияда ойран салған тайфуннан адам шығыны бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Хиросима префектурасында қатты жел мен толқындардың көтерілуінен бір адам суға батқан. Тағы 50-ге жуық тұрғын жарақат алды. Жалпы табиғат апатынан елдің батысындағы 13 елді мекен зардап шекті. Жергілікті билік халықты үйлерінен шықпауға шақырады. Қауіпті жерлерден шамамен 580 мың адам эвакуацияланды. Аймақта көлік қатынасы тежелді. Пойыздар мен кемелер сапарынан қалып, 700-ге жуық әуе рейстер кейінге шегерілді. Енді билік дауылдан кейін өңірде лай көшкіні басталу қаупі бар деп дабыл қағуда.

Хабар 24 телеарнасы