389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иран Помпеоға: Біз соғысуға дейін барамыз

  • 260
  • UPD: 12:25, 20.09.2019

Иранның Сыртқы Істер Министрі Джавад Зариф БҰҰ Бас Ассамблесының отырысына қатысады. АҚШ билігі министр мен президент Хасан Руханиға виза алуға рұқсат берген.

Сессия отырысы 24 қыркүйекке жоспарланып отыр. Ирандық делегация бұған дейін америкалық тараппен екіжақты кездесу өткізуге қарсы екендіктерін жеткізген. Бірақ Сауд Арабиясында іс-сапармен жүрген Майк Помпеоның мәлімдемесінен кейін АҚШ-пен бетпе-бет сөйлесуге келіскен сияқты. Мемлекеттік хатшы мұнай зауыттарына жасалған шабуылға тағы да Иранды кінәлады. Тегеран ашуға булығып, «егер бізге қарсы шабуыл жасалса, соғысқа дейін барамыз» деп отыр. Трамп болса Иранның жанайқайына қарамастан бір жақты санкцияны қатаңдата түспек.

Айта кетейік, Сауд Арабиясының қорғаныс министрлігі шабуыл жасаған дрондардың қалдығын көрсетті. Айғақтар мұнай зауытына жаслаған шабуылға Иранның  қатысы бар екенін айтады.

Хабар 24 телеарнасы