389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германия Бірлік күнін атап өтті

  • 183
Германия Бірлік күнін атап өтті

Германия өзінің басты мемлекеттік мерекесі саналатын Бірлік күнін атап өтті.

Осыдан дәл 29 жыл бұрын Германия Демократиялық Республикасы мен Федеративті Германия Республикасы бір мемлекетке бірігеді. Осылайша ортаға қабырға салып, көптеген жылдар бөлек тұрған немістер бір ту астына жиналады. Маңызды әрі мерейлі мерекені елдің барлық қалалары атап өтті. Дегенмен дәстүрге сай басты шаралар ел астанасында ұйымдастырылды. Бранденбург қақпасы маңына мыңдағвн тұрғын мен қонақ жиналды. Себебі бұл – батыс және шығыстық немістерінің кездесетін символдық орны. Бірден үш сахнада түрлі музыкалық топтар өнер көрсетті. Тұрғындардың назарына театрлық қойылымдар да ұсынылды.

Дэкма, Берлин қаласының тұрғыны:

– Мен үшін бұл мереке өте маңызды саналады. Себебі астанамыздың өзі екіге бөлінгені есімде. Бір қаладан басқасына бару үшін бақылау пунктінен өту керек болатын. Өте қиын еді. Қабырға құлатылды деген ақпарды естігенде қуанғанымды көрсеңіз ғой.

Хабар 24 телеарнасы