384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британияда кезектен тыс парламенттік сайлау өтуі мүмкін

  • 225
  • UPD: 11:02, 14.10.2019
Британияда кезектен тыс парламенттік сайлау өтуі мүмкін

Ұлыбританияда жыл соңына дейін мерзімнен тыс парламенттік сайлау өтуі мүмкін. Лейбористік партияның жетекшісі Джереми Корбин осылай деп мәлімдеді.

«Себебі Борис Джонсон үкіметі Брюссельмен брексит бойынша ортақ мәмілеге келе алмауы мүмкін» дейді оппозиция басшысы.

Еске сала кетейік, Біріккен Корольдік Еуропалық Одақтан биыл наурыздың 29-ы күні шығуы тиіс болатын. Алайда Қауымдар палатасы Тереза Мэй үкіметінің Брюссельмен келісімін 3 рет кері қайтарып, брексит қазанның 31-іне шегерілген. Бірақ Мэйдің орынына келген Борис Джонсон Брюссельмен Одақтан шығу бойынша әлі ортақ шешімге келе алмай отыр.

Хабар 24 телеарнасы