384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралияда орман өртінен тағы бір адам көз жұмды

  • 168
  • UPD: 15:05, 14.11.2019
Австралияда орман өртінен тағы бір адам көз жұмды

Австралияның солтүстік-шығысындағы орман өрті әлі жалғасып жатыр. Табиғат апатынан тағы бір адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, өрттен қаза тапқандардың саны 4-ке жетті. Жалпы Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында 61 өрт ошағы тіркелген. Мамандар олардың 35-ін сөндіре алған. Лаулаған жалынмен 800-ден астам адам күресіп, жүздеген техника қолданылуда. Бірақ ауа райының қолайсыздығы көп кедергі келтіруде. Билік штаттың солтүстігіндегі 8 мекеннің тұрғындарын эвакуациялау туралы шешім қабылдады.   

Хабар 24 телеарнасы