381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Конгода су тасқынынан 39 адам қаза тапты

  • 304
  • UPD: 14:00, 27.11.2019
Конгода су тасқынынан 39 адам қаза тапты

Конго Демократиялық Республикасының астанасында толассыз жаңбыр соңы су тасқынына ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 39 адам қаза тапты. Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлады. Табиғи құбылыстан жолдарды су басып, жүздеген үй қираған. Сонымен қатар топан су егістік алқаптарын да шайып кетіпті. Тұрғындардың айтуынша, биыл ел аумағы айрықша жаңбырлы болып тұр. Себебі көлдетіп-селдетіп жауған нөсер аймақта ұзақ жылдар бойы болмаған.

Хабар 24 телеарнасы