376,09 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Корея жаңбырдан ішуге жарамды су өндіреді

  • 258
  • UPD: 16:16, 05.12.2019
Корея жаңбырдан ішуге жарамды су өндіреді

Оңтүстік Кореяда ауа райы өзгеруіне қатысты жобалар форумында ерекше бір қондырғы көрсетілді.

Ол жаңбырдан ауызсу өндіреді. Яғни жаңбыр тамшыларын жинап, фильтрлер арқылы сүзіп тазартады. Мұнан кейін бұл су ішуге жарайды. Қондырғы толығымен бітеу болғандықтан суға күн сәулесі түспей, ол бір жыл бойы пайдалы қасиетінен айырылмайды. Ұзындығы, ені және биіктігі шамамен бір метрдей бұл құрылғы 3 тонна жаңбыр суын өңдей алады. Оны алғаш рет Чиндо аралында қолданған. Бұл жобаға көрші елдер де қызуғышылық танытып отыр. 

Ли Вон Ён, өндіруші компанияның вице-президенті:

- Бұл құрал-жабдық тау немесе арал секілді жетуге жолы қиын аудандарда орнатылуы мүмкін. Экономикалық жағынан өте тиімді қондырғы. Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін үкімет осы жобаға субсидия бөлсе, оны орнату құны едәуір арзандайды. Келесі жылы қорғаныс министрлігінің қаражатына осы қондырғыларымызды Кореяның қарулы күштері қолданады.

Хабар 24 телеарнасы