432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлем елдері 2020 жылды қалай қарсы алды?

  • 838
  • UPD: 15:33, 01.01.2020

 Жаңа жылды алғаш болып Тынық мұхитының аралды елдері мен Жаңа Зеландия қарсы алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оклендте мерекелік шара «Скай Тауэр» ғимаратында ескі жылдың соңғы секундтарын есептеуден басталды. Сағат тілі түнгі 12-ні көрсеткенде аспанды отшашулар көмкерді.

Австралиялықтар да елдегі табиғат апатына қарамастан, жаңа жылды отшашумен қарсы алды. Сиднейде әсем көріністі 1 миллионға жуық адам тамашалады.

Еуропаның басты қалаларында түрлі жаңа жылдық қойылымдар болды. Германияда Берлин аспанын 6 мың отшашу жарқыратып, лазерлік шоулар ұйымдастырылды.

Ал Парижде басты мерекелік шара Триумфалды арка маңында өтті. Оны көруге мыңдаған адам жиналып, Елисей алаңы халыққа лық толды.

Блиц 1:

- Мен баршаңызға мықты денсаулық, баянды бақыт тілеймін. Халқымыз ынтымақта өмір сүріп, өркендеп, дами берсін.

Блиц 2:

- Жаңа жылда барлық адамның асқақ арманы орындалсын. Әлемді көп аралап саяхаттаңыздар. Алға қойған мақсатттарыңызға жетіңіздер.

Хабар 24 телеарнасы