427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Зеленский халыққа үндеу жолдады

  • 873
  • UPD: 11:45, 12.01.2020

Украина президенті Владимир Зеленский ұшақ апатына қатысты және өз кінәсін мойындаған ресми Тегеранның мәлімдемесіне байланысты халыққа үндеу жасады. Зеленский бұл үндеуді апат орнында жұмыс істеп жатқан украиналық мамандар тобымен кеңесіп, Ислам Республикасының президенті Хасан Руханимен телефон арқылы сөйлескен соң жария етті. Зеленскийдің мәлімдеуінше, ресми Тегеран ұшақ апатына кінәлілер жазаланатынына уәде берген. Бұған қоса украиналық мамандарға мейілінше қолдау көрсететінін айтыпты. 

Владимир Зеленский,  Украина президенті:

- Хасан Роухани қаза тапқан жолаушылардың денесі елге мейлінше тезірек қайтарылуы үшін тиісті тапсырма беретінін айтты. Украинаның сыртқы істер министрлігі шұғыл түрде Иранға мәселені реттеуге қатысты нақты қадамдар бойынша нота жібереді. Оның ішінде өтемақы төлеу жағы да бар. Иран тарапы бұл мәселеде Украинамен толық келісіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы