376,52 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ коронавирусқа байланысты Қытай билігін сынады

  • 239
  • UPD: 15:20, 23.01.2020
АҚШ коронавирусқа байланысты Қытай билігін сынады

АҚШ Ухань қаласында пайда болған коронавирустың жаңа түріне байланысты Қытай билігін сынға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттік департаменттің мәлімдеуінше, Бейжің қауіпті дертке қарсы шұғыл әрекет етпеген. Бұл халықаралық қауымдастықтың Қытайдың індетке тосқауыл қоя алатынына сенімін азайтып отыр дейді Вашингтон. Ал соңғы мәліметке қарағанда АҚШ-та осы қауіпті вирусты жұқтырып келген науқаспен тағы 16 адам тікелей байланысқа түскені анықталды. Қазір олардың бәрі жіті бақылауға алынған.

Крис Спиттерс, Снохомиш округі денсаулық сақтау басқармасының өкілі:

– Снохомиш денсаулық сақтау басқармасы вирусты жұқтырған науқастың ауруханаға жеткізілгенге дейінгі тарихын зерттей келе, оның 16 адаммен байланысқа түскенін анықтады. Қазір олар тексеріліп жатыр. Бірақ бұл адамдардың саны артуы әбден мүмкін. Оқиғаға байланысты соңғы мәліметтерді сайтта жариялап отырамыз.

Хабар 24 телеарнасы