424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирусты алғаш анықтаған дәрігер көз жұмды

  • 683
  • UPD: 09:11, 07.02.2020
Коронавирусты алғаш анықтаған дәрігер көз жұмды

Қытайда коронавирусты алғаш рет анықтаған дәрігер осы дерттен 7 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 3 кезінде ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін мамандар оның ауыр халде жатқанын хабарлаған болатын. Ли Вэньлян Ухань қаласында көз дәрігері болып жұмыс істеді. Маман жеті науқастың белгісіз дертке шалдыққанын түсінген соң желтоқсанның 30-ы күні бұл туралы әріптестеріне хабарлады. Оның бұл мәлімдемесі ғаламторда лезде тарап кеткеннен кейін көп ұзамай Ли Қоғамдық қауіпсіздік басқармасына шақырту алып, онда жалған ақпарат таратып жүргені жайлы қолхатқа мәжбүрлі түрде қол қойған. Дәрігер өзін жайсыз сезінген соң қаңтардың 12-сі күні ауруханаға түскен, ал ақпанның 1-і оған нақты коронавирус диагнозы қойылды.

Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша Қытайда осы кеселден қаза тапқандардың саны 618-ге дейін өсті. Ал індетке шалдыққандардың қатары 28 мыңнан асты. Қазір 3859 науқас ауыр халде жатыр.

Хабар 24 телеарнасы