425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кенияда шегіртке шабуылынан ашаршылық болуы мүмкін

  • 781
Кенияда шегіртке шабуылынан ашаршылық болуы мүмкін

Шегірткелердің шабуылы Шығыс Африканың азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіре бастады. Зиянкестердің әрекетінен аймақта ашаршылық басталып, ондаған миллион адам жапа шегуі мүмкін.

Тіпті Шығыс Африкада тұрақты мемлекет саналатын Кенияның өзінде шегірткелерге шашатын дәрілер жетіспеуде. Олардың қорлары бір апта бұрын таусылған. Фермерлер зиянкестердің егістік алқаптарын жойып жатқанда қол қусырып қарап отыруға мәжбүр. Ал ресми дерекке сүйенсек, бір үйір шегіртке тәулігіне 35 мың адам тамақтанатындай аумақты ойрандайды екен.  

Тобиас Такаварша, Кениядағы БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы өкілдігінің директоры:

- Біз қуаңшылық пен су тасқыны қауіпті деп жатамыз. Бірақ шегірткенің шабуылы одан да сорақы деп айтар едім. Өйткені егістікке үлкен қатер төндіреді.

Хабар 24 телеарнасы