419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Джек Ма мен Alibaba қоры ДДСҰ-ға жүз миллион маска жібереді

  • 365
  • UPD: 12:18, 21.04.2020
Джек Ма мен Alibaba қоры ДДСҰ-ға жүз миллион маска жібереді

Alibaba қайырымдылық қоры және интернет-компанияның негізін қалаушы Джек Ма Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына 100 млн медициналық бетперде, бір млн N95 респираторын және бір млн коронавирусты анықтауға арналған тест жібереді.

Бұл туралы Weibo әлеуметтік желісіндегі қордың ресми парақшасында хабарланды.

Гуманитарлық көмектің бұл партиясындағы медициналық бұйымдарды елдердегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бөледі.

Айта кетсек, Alibaba Group – электрондық коммерция саласында 1999 жылдан бері жұмыс істейтін Қытайдағы ең ірі интернет компания.

Хабар 24 телеарнасы