412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сиэтлде полиция ереуілшілерге қарсы жасауратқыш газ қолданды

  • 159
  • UPD: 09:24, 04.06.2020
Сиэтлде полиция ереуілшілерге қарсы жасауратқыш газ қолданды

АҚШ-та халықтың жаппай бас көтеруі басылар емес. Сиэтл қаласында жүздеген адам билік өкілдері жариялаған коменданттық сағатты елемей, шеруге шықты.

Осыған байланысты полицейлер халықты тарату үшін көз жасаурататын газ бен граната қолданды.

Естеріңізге салайық, америкадағы жаппай ереуілге афроамерикалық азаматтың полицей қолынан қаза табуы түрткі болған еді. Осыдан кейін бүкіл ел бойынша мыңдаған адам тәртіп сақшылары тарапынан қара нәсілділерге қарсы күш көрсетуді тоқтатуды талап ете бастады.

Хабар 24 телеарнасы