424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Израильде қатаң карантин режимі енгізілуі мүмкін

  • 397
Израильде қатаң карантин режимі енгізілуі мүмкін Комсомольская правда

Израильде қауіпті індеттің беті қайтар емес.

Мұнда өткен тәулікте 2 мыңнан астам адамнан коронавирус инфекциясы табылып, рекорд жаңартылды. Осылайша бұл елде вирус жұқтырғандардың жалпы саны 44 мыңнан асып отыр. Қауіпті кеселден 376 адам көз жұмған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, эпидемияның өршуіне байланысты ел аумағында қатаң карантин режимі қайта енгізілуі мүмкін. Бұған дейін 9 қалада шектеу шаралары күшейтіліп, кейбіреуіне бақылау-өткізу бекеттері қойылған болатын. Сонымен қатар барлар, түнгі клубтар және спортзалдардың жұмысы тоқтаған еді.

Хабар 24 телеарнасы