423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Баварияның бидай алқабында зор шеңбер пішінді сурет пайда болды

  • 354
  • UPD: 22:38, 31.07.2020
Баварияның бидай алқабында зор шеңбер пішінді сурет пайда болды

Баварияның Пель қаласындағы бидай алқабында шеңбер пішінді ерекше көрініс пайда болды.

Бірінші болып оны жергілікті тұрғын таңертең серуенге шыққанда байқаған. Үстінен қарағанда диск пішінді жұмбақ көріністі кейбіреулер лабиринтке, ал енді біреулер тегершік, не болмаса инктердің ою-өрнегіне ұқсатқан. Шеңбердің қалай пайда болғаны әлі де беймәлім. Тұрғындар мен мамандардың болжамы әртүрлі.

БЛИЦ:

- Мұндай пішінді шеңбер осымен екінші рет пайда болды. Таңқаларлық жағдай. Бұл құбылысты мамандар ұғына алмай отыр. Бәлкім біз әлі көп нарсені білмейтін шығармыз.

- Адамдар өз қолымен аппарат арқылы жасаған болар. Өте әдемі шыққан. Тек үстіне шығып көре алмайтынымыз өкінішті.

Хабар 24 телеарнасы