418,72 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Джорджия штатында лагерьдегі балаларға коронавирус жұқты

  • 95
  • UPD: 16:19, 02.08.2020

АҚШ-тың Джорджия штатында балалар лагерінде 200-ден астам адам КОВИД-19 ауруын жұқтырып алды.

Олардың арасында балалар да, лагерь қызметкерлері де бар. Тәрбиешілер індеттің таралуына жол бермес үшін қаупсіздік шараларын сақтағанын айтады. Алайда лагерь ішінде көбі бетперде тақпай жүрген. Лагерьге келер алдында бәрі коронавирусқа тест тапсыруы тиіс еді. Алайда кейін балалардың бірінде вирустың белгілері біліне бастады. Қазір лагерь карантинге жабылды.

Хабар 24 телеарнасы