420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тың Висконсин штаты полицияның озбырлығына қарсы көтерілді

  • 167
  • UPD: 15:31, 26.08.2020
АҚШ-тың Висконсин штаты полицияның озбырлығына қарсы көтерілді

АҚШ-тың Висконсин штатындағы Кеноша қаласында ереуілдердің басылатын түрі жоқ. Оған полицейлердің афроамерикалыққа оқ атуы себеп.

Ашуға булыққан жұрт көшеге шығып, полицейлерге петарда мен шөлмектер лақтырған. Сонымен қоса ереуілшілер жергілікті сот ғимаратының есігін сындырып, бірнеше көлікті өртеген. Тәртіпсіздіктерге жол бермеу үшін қалаға ұлттық гвардия тартылған.

Айта кеткен жөн, жаппай ереуілдерге өткен аптада оқиға себеп болған. Полицейлер тұрмыстық жанжал бойынша шақыртуға келеді. Осы сәтте Джейкоб Блейк есімді тұрғын екі әйелді ажыратпақ болады. Артынша ол өз көлігіне отырмақ болғанда полицей оның арқасынан оқ атқан. Ол кезде машина ішінде Блейктің балалары отырған екен. Ер адам ауыр жағдайда ауруханаға жекізілген. Ал тұтқындауға қатысқан полицейлер қызметінен шеттетілді. Алайда шаһардағы ереуілдер басылмай тұр. Осы ретте Кеношада коменданттық сағат жарияланған.

Хабар 24 телеарнасы