426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада пандемия басталғалы 67 мыңнан астам коронавирустан көз жұмды

  • 130
  • UPD: 12:32, 08.09.2020
Мексикада пандемия басталғалы 67 мыңнан астам коронавирустан көз жұмды

Мексика COVID-19 дертінен қаза тапқандардың саны бойынша әлемде төртінші орында тұрған ел. Алғашқы үштікте АҚШ, Бразилия мен Үндістан бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Джонс Хопкинс университетінің ұсынған мәліметі бойынша Мексикада эпидемия басталғалы 67 мыңнан астам адам індеттің құрбаны болды. Ал, вирус жұқтырғандардың жалпы саны 640 мыңнан асты. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, елдің кей аудандарында өлім дерегін растайтын құжат тапшы. Әсіресе, ел астанасы Мехико мен Төменгі Калифорния штатындағы жағдай күрделі. Қазір бұл өңірлерде жерлеу рәсімдері де уақытылы ұйымдастырылмай кейінге шегеріліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы