421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетелдік студенттерге Ресей аумағына кіруге рұқсат берілді

  • 118
Шетелдік студенттерге Ресей аумағына кіруге рұқсат берілді

Шетелдік студенттер осы айда Ресей аумағына кіре алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Мемлекеттік думаның отырысында ғылым және жоғары білім министрі Валерий Фальков мәлімдеді. Алайда саясаткер шектеулер барын бірден айтты. Яғни мұнда шекарасы ашық елдердің азаматтарына ғана кіруге рұқсат беріледі. Бұл мәселеге қатысты арнайы алгоритм құрылған. Оған сәйкес ең алдымен бірінші курс студенттері келеді.

Бұған дейін Валерий Фальков коронавирус салдарынан Ресей аумағына 100 мыңнан аса шетелдік студенттің өте алмай отырғанын хабарлаған. Әзірге мемлекет Түркия, Ұлыбритания, Танзания, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері және Мальдив Республикасымен халықаралық әуе қатынасын жандандырған. 

Хабар 24 телеарнасы