420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропалық ғарыш агенттігі астероид қаупінен қорғану жобасын қолға алды

  • 62
Еуропалық ғарыш агенттігі астероид қаупінен қорғану жобасын қолға алды

Еуропалық ғарыш агенттігі астероидтың ықтимал қауіп-қатеріне төтеп беру жобасын қолға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның құны – 130 миллион еуро. Агенттік «Гера» ғарыш аппараты жасап шығаруды көздеп отыр. Бұл ретте еуропалықтар америкалық НАСА мамандарымен күш біріктіреді. Ортақ жоба 2 астероидтың қозғалыс таректориясын өзгертіп, олардың Жермен соқтығысуын болдырмауға бағытталған. Астероидтардың бірінің диаметрі – 160 метр. Өлшемі Гиза пирамидаларындай. Мұндай аспан денесі жермен соқтығысатын болса, бүкіл бір қаланы тып-типыл етуі мүмкін. Дегенмен мамандар ғаламшарға қауіп төніп тұрмағанын айтады. Яғни жоба шынайы қауіп-қатер жағдайында технологияларды игеруге бағытталған дейді.

Рольф Денсинг, Еуропалық ғарыш агенттігінің басшысы:

– Бұған дейін адамзат астероидтар және Жерге жақын қозғалатын өзге нысандарға төтеп беруге қауқарсыз еді. Енді бізде технологиялар бар. Оларға қаржы да бөлінді. Сондықтан мұны тарихи сәт десек, артық айтпаған болармыз.

Хабар 24 телеарнасы