427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ көші-қон жүйесі мен босқындарға баспана беру тәртібін қайта қарастырады

  • 103
Еуроодақ көші-қон жүйесі мен босқындарға баспана беру тәртібін қайта қарастырады

Еуроодақ көші-қон жүйесі мен босқындарға баспана беру тәртібін қайта қарастыратын жаңа келісім әзірледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Еурокомиссия басшысы мәлімдеді. Айтуынша, келісімге сәйкес одақтың барлық елдері не мигранттарды қабылдау керек немесе олардың отанына оралуына көмектесуі тиіс. Сөйтіп жаңа шаралар пакеті Дублин ережелерін алмастырады. Ол ережелерге сәйкес, мигранттар ең алдымен қай мемлекетке жетсе, сол елден баспана сұрауы тиіс болатын. Соның салдарынан көші-қон дағдарысы кезінде бар ауыртпалық Жерорта теңізі жағалауындағы елдердің мойнына түскен. Енді жаңа миграциялық келісімді Еуропалық одақтың кеңесі мен Еуропалық парламент мақұлдауы тиіс.

Урсула Фон Дер Ляйен, Еурокомиссия президенті:

– Еурокомиссияның жаңа пакеті одаққа мүше елдер арасында тең дәрежелі жауапкершілік пен ынтымақтастық орнатуға бағытталған. Біз бәріміз бірдей пайда көріп отырған соң қиындықты да теңдей бөлісуіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы