427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Йорктегі мейрамхана қожайындары шектеулерге наразы

  • 88
Нью-Йорктегі мейрамхана қожайындары шектеулерге наразы

Нью-Йорк қаласында мейрамхана иелері індетке қарсы шектеулерге наразылық білдіріп жатыр.

Кәсіпкерлер штат мэрі Эндрю Куомо кеңсесінің алдында шеру өткізді.

Кәсіпкерлер шектеу салдарынан мейрамханаға келушілер азайып, кіріс төмендегеніне шағымдануда. Тамақтану орындары халыққа ашық аспан астында қызмет көрсетуден мәселе шешілмегенін айтады. Бизнесмендер мейрамханалардағы адам сыйымдылығын 25 проценттен 50 процентке көтеруді сұрап отыр.

Айта кетейік, Нью-Йорк штатында қыркүйектің 30-ынан бастап аймақтағы мейрамханалар қайта ашылады. Бұған дейін бұл тамақтану орындары халыққа тек далада қызмет етуге мәжбүр.

Хабар 24 телеарнасы