Камбоджада су тасқыны болып, 11 адам қаза тапты.
Жергілікті құтқару қызметінің хабарлауынша, тағы 10 кісі із-түзсіз жоғалып кеткен. Бір азаматқа найзағай түсіп, көз жұмды. Таяуд елде нөсер жаңбыр құйып, бірнеше провинция су астында қалған. Осыған байланысты жүздеген отбасы қауіпсіз жерге көшірілді.