420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сильверадо сөнген жоқ – Калифорнияны өрт жалмады

  • 140
  • UPD: 10:59, 28.10.2020
Сильверадо сөнген жоқ – Калифорнияны өрт жалмады

Калифорнияның оңтүстігіндегі Сильверадо өрті бір түннің ішінде шамамен 5 мың гектар жерге жайылып үлгірді.

Кеше ғана басталған қызыл жалын Ирвайн мен Лэйк Форест қалаларына жетіп, қала тұрғындарына қауіп төндіруде. Салдарынан 100 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілуде. Штат бойынша төтенше жағдай жарияланды. Тілсіз жаудың үлкен жылдамдықпен жайылуына сағаты 70 шақырымға дейін жететін екпінді жел әсер етуде дейді мамандар. Дауылдың салдарынан жүздеген ағаштар мен электр бағаналар қирап өрттің таралуын күшейтті. Сондықтан қала билігі кешелі бері жарық пен газ беру қызметін бір тәулікке өшіріп, 500 мыңға жуық Калифорниялық жарықсыз қалды. Әзірге өртің бар жоғы 5 пайызы ғана ауыздықталды дейді мамандар. 

Брайн Фенеси, Калифорния өрт сөндіру департаментінің маманы:

- Сильверадо сөнген жоқ. Енді қосымша күштер мен техника жұмылдырылды. Мамандар әуеден де амал жасап, өшіруге ат салысып жатыр.. Барлық мүмкіндіктер пайдаланылуда. Кешелі бері 1800 өрт сөндіруші мен 14 тікұшақ жұмылдырылды. Күйікке шалынған, жарақат алған өрт сөндірушілер де бар. Оларға алғыс айтамыз. Бұл өте қауіпті апат. Жүздеген үйлер өртенген аумақтың ішінде қалып тұр.

Хабар 24 телеарнасы