420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Женевада бірегей гауһар тас аукционға шығарылды

  • 106
  • UPD: 15:46, 11.11.2020
Женевада бірегей гауһар тас аукционға шығарылды

Швейцариядағы Sotheby's аукционына қызғылт түсті гауһар тас қойылды.

Гауһар тас үш жыл бұрын Ресейде өндірілген. Ол Михаил Фокиннің «Раушан көрінісі» балетінің атымен аталды. Оның салмағы шамамен 27 карат болды.

«Тастың бағасы 23 пен 38 млн АҚШ доллары аралығында болады. Шамамен бір карат үшін бір жарым миллионды құрайды», - деді Sotheby's зергерлік үйі департаменті директоры Бенуа Репеллен.

Гауһартас 11 қарашада сатылады. Аукцион Женевада өтеді.

Хабар 24 телеарнасы