423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Гонконгта бастауыш кластардағы сабақ тоқтатылады

  • 54
  • UPD: 16:40, 26.11.2020
Гонконгта бастауыш кластардағы сабақ тоқтатылады

Гонконгта коронавирус індеті ушығып барады.

7 жарым миллионнан астам адам тұратын алып шаһардағы 1, 2, 3-сынып оқушыларының сабағы 23 қарашадан бастап тоқтатылады. Бұл туралы қаланың Азық-түлік және денсаулық министрі София Чан арнайы баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Бұл шектеу 2 аптаға созылмақ. Осыдан бір апта бұрын елдегі барлық балабақша 14 күнге жабылған болатын.

София Чан, Гонконгтың азық-түлік және денсаулық министрі:

- Кеше ғана Денсаулық және қорғау орталығы 20-дан астам жағдайдың тіркелгенін жобалап айтып еді. Бүгін сол расқа шықты. Коронавирусқа бас-аяғы 26 адам шалдыққан. Оның 21-і індетті ел ішінде жүріп жұқтырған. 

Соңғы ресми дерек бойынша Гонконгтағы вирусты жұқтырғандар саны 5 мың 491 адамға жеткен. Құзырлы органдар коронавирустың төртінші толқыны болуы мүмкін деп қауіптеніп отыр. Алдағы жексенбіде Сингапурмен арадағы әуе қатынасы қайта жандануы тиіс еді. Бірақ бұл жоспар коронавирустың ушығуына байланысты іске аспайтын сыңайлы.

Хабар 24 телеарнасы