389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Маңғыстау жұртшылығымен өңірдің өзекті мәселелерін талқылады

  • 756
  • UPD: 21:25, 26.10.2017

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды.

Мақсат «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында Елбасы жүктеген міндеттердің орындалу барысымен танысу.

«Атамекен» ұлттық палатасы өңірлік кеңесінің кәсіпкерлерімен өткен кездесуде облыстағы шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған шаралар қаралды. Сондай-ақ Бақытжан Сағынтаев ел экономикасын дамытудағы стратегиялық маңызға ие бірқатар инфрақұрылымдық нысанды аралады. «Қазаққұбыржөндеу» зауыты мен Құрық портының құрылысын қарап шықты. Айлақта Үкімет басшысына порттың 2030 жылға дейінгі даму жоспары таныстырылды.

Сапар аясында Үкімет басшысы өңір жұртшылығымен жүздесті. Кездесуде Елбасы Жолдауы, «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылу жайы мен өңір үшін өзекті саналатын халықты ауызсумен қамту, экология, туризм, денсаулық сақтау және білім саласын дамыту мәселесі талқыланды. Жиынға ардагерлер, депутаттар, үкіметтік емес ұйым мен бірқатар министрлік пен ведомство өкілдері қатысты. Қайта оқыту мен жаңа жұмыс орындарын ашу жайына баса назар аударылды.

Хабар 24 телеарнасы