389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда «Бекзат» көркем фильмінің тұсаукесері өткелі жатыр (LIVE)

  • 165
  • UPD: 12:52, 30.09.2019

Дәл қазір Түркістан қаласында «Хабар» агенттігінің тапсырысымен түсірілген «Бекзат» көркем фильмінің тұсаукесері өткелі жатыр.

Кино картина Сидней Олимпиадасының чемпионы, марқұм Бекзат Саттархановтың өмірі мен спорттағы жетістігіне арналады. Бекзаттың өмірінде біз білмейтін қандай сырлар бар?

Жандос Жұмабек, тілші:

Бекзат Саттарханов бар-жоғы 20 жасында жасындай жарқ етіп, олимпиада шыңын бағындырған қайталанбас тұлға. Оның жүріп өткен жолы, ерлігі, еңбекқорлығы, намысшылдығы жастарға үлгі, елге мақтаныш. Дәл қазір батырдың туған жері Түркістан қаласында «Бекзат» фильмінің тұсаукесері өткелі жатыр.

Фильмнің сюжеттік желісінде Бекзат Саттарханов өмірінің үш кезеңі қамтылады. Балалық шағы, бозбала кезеңі және өмірінің соңғы сәті. 90-жылдардың басындағы қиын-қыстау кезеңге тап келген Бекзаттың балалығы көп қиындықтармен өтеді. Түркістан қаласындағы темір жолды бойлай орналасқан шағын ауылдың қарапайым тіршілігі бала Бекзаттың көзімен бейнеленеді. Оның арманы, намысқой бітімі әрбір сәтте сыналып отырады. Бірде ата-анасы Бекзатты «күреске қатыссын» деп бапкерге апарады. Онда Бекзат өзінің сергектігімен көзге түседі. Дегенмен, күреске қатысқан баланың бойы өспей қалады деген түсінікпен оны боксқа ауыстырады. Бапкерімен танысқан күннен бастап боксқа деген ерекше махаббаты ашылады.

Сонымен қатар туындыға елімізге танымал көптеген әртістер түскен. Толық метражды картина 3 қазаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетіле бастайды.

Хабар 24 телеарнасы