384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық өнерпаз Кореядағы K-pop фестивальге қатысты

  • 246
  • UPD: 10:47, 14.10.2019

Қазақстандық өнерпаз корей музыкасының дүниежүзілік фестивалінде өнер көрсетті. Еліміздің  атынан сайысқа Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Алена Тё қатысты.

Алена Чангвондағы стадионда он бес мың көрерменнің алдында арнайы қойылым көрсетті. Фестивальге қатысу үшін жерлесіміз үш іріктеу кезеңінен өтті. Жарысқа жолдама алу үшін 84 елдің өкілдері бақ сынады. Алена Тё он үш жасынан бастап корей тілі мен мәдениетін үйренуде. Оның айтуынша, Кей-поп жанрының арқасында ол өз бойындағы сенімсіздіктен арылып келеді.

Алена Тё, дүниежүзілік корей музыка фестиваліне қатысушы:

- Мен Чонха әншінің «Он екі сағат» деген әнін таңдадым. Өзім жақсы өнер көрсеттім деген ойдамын. Өкінішке орай, жүлде ала алмадым. Бірақ осы сайысқа қатысу мен үшін үлкен тәжірибе болды.

Хабар 24 телеарнасы