427,23 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлттық анимацияға үлес қосқан режиссердің атымен байланысты кинофестиваль өтті

  • 917
  • UPD: 19:18, 11.12.2019

Нұр-Сұлтан қаласында ұлттық анимация саласына өлшеусіз үлес қосқан режиссер-аниматор Әмен Қайдаровтың атымен аталған анимациялық кинофестивалі өтті.

Шараның басты мақсаты - қазақ анимациясының дамуына ықпал ету және жас буынға қолдау көрсету. Фестивальге келген құрметті қонақтардың қатарында алғашқы қазақ мультфильмі «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» туындысын түсірген шығармашылық топтың өкілдері Галина Дусенко мен Эрнест Бейсеитов болды. «Амен анимейшн фильфестиваль» қоржынына 80-нен астам өтінім келіп түскен, байқауға 51 жұмыс іріктеліп алынған. Бұл жұмыстар 9 номинация бойынша сарапқа салынды. 

Батырхан Дәуренбеков, «Сақ» киностудиясының режиссер-сценарисі:

- Бүгінгі болып отырған Әмен атаның атымен айталып жатқаны өте қуанышты. Ол кісі бүкіл саналы өмірін балаларға арнаған анимациялық фестивальдардың көбірек бола бергені дұрыс. Өйткені Қазақстанның анимациясы жоқ деген сөздер бар. Негнізі ондай емес. біздің жасалып жатқан дүниелеріміз шет жақтарға шығып жатқан жоқ. Көп кинофестивальдерге қатыстырылып жатқан жоқ.

Дильшат Рахматуллин, режиссер-аниматор:

- Барлық елде анимацияға мемлекет тарапынан қолдау бар. Өйткені анимацияның шығыны көп. Кейде ол ақталмауы да мүмкін. Бірақ біз төл өнгімдерімізді көбейтуіміз керек. Шетелдік туындыларды сатып алу әрине оңай әрі тиімді. Бірақ шетелдік анимация біздің менталитетке келмейді, ол балаларымызға өздерінің құндылықтарын сіңіріп жатыр. Сондықтан мемлекет отандық анимациян қолдауы тиіс. Бұл фестиваль жас аниматорларға мотивация береді. Өз жұмыстарын үлкенэкранға көрсетуге мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы