425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қорғаныс министрлігінің әскери ансамблі онлайн-концерттер береді

  • 264
  • UPD: 17:15, 07.05.2020
Қорғаныс министрлігінің әскери ансамблі онлайн-концерттер береді

7 мамыр күні Отан қорғаушы күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған онлайн-концерттер өтеді. Мерекелік концерттік бағдарламада ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығы ансамблінің артистері өнер көрсетеді.

Үлкен мерекелік концерт «Хабар» телеарнасының эфирінде сағат 16:15-те (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) көрсетілді. Сол күні сағат 21:00-де нақты уақыт режимінде zvezda-na-karantine.kz және «Карантиндегі жұлдыз» жобасының Youtube арнасында онлайн-концерт өтеді.

Әскери ансамбльдің музыканттары мен вокалистері қазақ және орыс тілдерінде «Священная война», «Поклонимся великим тем годам», «Журавли», «В землянке», «Махнем, не глядя», «Ехал я из Берлина» «Әлия», «Ұлы жеңіс», «Военными не рождаются», «Ұлы дала сарбаздары», «Отаным», «Армия вперед», «Егеменді Қазақстан» сынды музыкалық композициялар орындалады.

Сонымен қатар 7 және 9 мамырда сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін әскери музыканттар елорда тұрғындарын әндермен қуантады.

Әскери артистер автокөлікте бірнеше бағыт бойынша патриоттық музыкалық композицияларды орындай отырып, елорда көшелерімен жүріп өтіп, тұрғын үйлердің аулаларына барып, тұрғындарды құттықтайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы