427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сүндет Байғожин Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі болды

  • 419
  • UPD: 23:49, 31.05.2020
Сүндет Байғожин Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі болды

Белгілі опера әншісі Сүндет Байғожин Қызылорда облысы әкімінің мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сүндет Абдрахманұлы Байғожин 1984 жылы Қостанай облысы, Арқалық қаласында дүниеге келген. Қазақ ұлттық музыка академиясында «Жеке ән айту» мамандығы бойынша білім алды. «Астана Опера» театрының жетекші опера әншісі қызметін атқарды. ҚР Президентінің жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталған, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері.

«Опера әншісі Сыр өңірінің өнерін, оның ішінде классикалық музыканы дамытуға атсалысады. Аймақ өнерпаздарын белгілі опера жұлдыздарымен тәжірибе алмастырып, жаһандық сахнаға шығаруға еңбек етеді деп жоспарлануда», - деп мәлім етті Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

Хабар 24 телеарнасы